Бокс • 22 Қазан, 2023

Жас боксшылар бәсекесі

264 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгін елордадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде бокстан жасөспірімдер және жастар арасында Азия чемпионатының шымылдығы түрілді. Бір аптаға жалғасатын сары құрлық бәсекесіне Азия аймағының 23 елінен келген 500-ге жуық жас спортшы шаршы алаңның көрігін қыздырады.

Жас боксшылар бәсекесі

Ел астанасындағы додада Қазақ­станның былғары қолғап шеберлерінен бөлек, Өзбекстан, қытайлық Тайпей, Жапония, Филиппин, Гонконг, Корея, Моңғолия, Иран, Қырғызстан, Үндістан, Вьетнам, Таиланд, Біріккен Араб Әмір­ліктері, Тәжікстан, Түрікменстан, Палес­тина, Пәкістан, Йемен, Ирак, Иордания, Кувейт, Малайзия сияқты мемлекеттің өкілдері де Азия чемпионы атағына таласып көреді.

Жекпе-жек олимпиа­далық жүйе бойын­ша өтеді. Ұлдар 13 сал­мақ дәрежесінде (46-48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63,5 кг, 67 кг, 71 кг, 75 кг, 80 кг, 86 кг, 92 кг, +92 кг) жұдырықтасса, қыздар 12 сал­мақта (45-48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63 кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг) сынға түседі. Жастар арасындағы чем­­пионатқа 2005 және 2006 жылы туған боксшылар қатысады. Ал 2007 және 2008 жылы дүниеге келген балалар жасөспірімдер арасындағы бәсекелерде бақ сынайды.

Бокс жанкүйерлері Азия чемпиона­тының жартылай финал және финал­дық жекпе-жектерін «Qazsport» телеар­насының тікелей эфирінен тамашалай алады. Ал негізгі шаршы алаңдағы жекпе-жектерді 23 қазан мен 3 қарашада ASBC YouTube каналы арқылы түскі 12.00-ден түнгі 22.00-ге дейінгі уақытта көруге болады. Финалдық жекпе-жектер 2-3 қарашаға жоспарланған. Ал елорда тұрғындары мен қала қонақтары «Beeline Arena» спорт кешеніндегі кездесулерді тамашалай алады. Кіру – тегін.

Бұл жарыста ел намысын жастар арасындағы ерлер бәсекесінде Бексұлтан Боранбек (48 кг), Ислам Машкентаев (51 кг), Жансері Көшербаев (54 кг), Бек Жолдасбек (57 кг), Бақтияр Анарбаев (60 кг), Төрехан Сабырхан (63,5 кг), Нұрбек Мұрсал (67 кг), Ислам Советов (71 кг), Алдияр Абдиллаев (75 кг), Дәулет Төлемісов (80 кг), Виктор Литвинов (86 кг), Нұржан Думан (92 кг), Ермоленко Иван (+92 кг) қорғайды. Ал қыздар сайысында Әнел Әбдірасулова (48 кг), Элянур Турганова (50 кг), Анита Адишева (52 кг), Томирис Мырзақұл (54 кг), Ұлжан Сарсенбек (57 кг), Әйгерім Қабдолда (60 кг), Әсем Таңатар (63 кг), Бақыт Сейдіш (66 кг), Азиза Исина (70 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг), Әнел Қалысова (81 кг), Үміт Әбілқайыр (+81 кг) шаршы алаңға көтеріледі.

Жасөспірімдер бәсекесінде ерлерден Нұғман Нығмет (46 кг), Алдияр Баһадүр (48 кг), Ерәділ Ұзақбай (50 кг), Нұрасыл Төлебек (52 кг), Бауыржан Мұратов (54 кг), Әлихан Әскер (57 кг), Асқар Қуаныш (60 кг), Тагир Сатаев (63 кг), Бекарыс Нұрмұхан (66 кг), Жасұлан Бердалы (70 кг), Жандос Алпысбаев (75 кг), Бақытжан Айтмұханов (80 кг), Бексұлтан Қайратұлы (+80 кг), қыздардан Айым Таңқыбаева (46 кг), Сила Бейболсынқызы (48 кг), Регина Тибенева (50 кг), Айша Сариева (52 кг), Аяжан Сыдық (54 кг), Аяжан Ермек (57 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Алина Құдайгенова (63 кг), Айсұлу Мұхит (66 кг), Ақбота Есімбекова (70 кг), Аружан Зейноллаева (75 кг), Құралай Егінбайқызы (80 кг), Панар Сейітқанқызы (+80 кг) өз өнерін ортаға салады.