Фото: ашық дереккөз
«2023 жылғы 22 қазанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Бекетаевқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», деп хабарлады елорда сотының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2023 жылдың 21 қазанында бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растады.
Ресми деректерге сәйкес, ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді. Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.