Марапат • 24 Қазан, 2023

«Алға, Петербург» жобасының авторы мемлекеттік марапатқа ие болды

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Алға, Петербург» интернет жобасының авторы Иван Червинский ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алға, Петербург» жобасының авторы мемлекеттік марапатқа ие болды

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанға түбегейлі қоныс аударған блогер қазақ тілін үйреніп жүр. Ол қазақ өнер жұлдыздары мен спортшыларының әлемдік сахналардағы жетістігі мен дүбірлі додалардағы жеңісін әлеуметтік желіде, ютуб арнасында әйгілеп хабар таратады.

Бұған дейін ол Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Алғыс хатпен марапатталған болатын.