Марапат • 24 Қазан, 2023

Дулыға Ақмолда – Қазақстанның халық әртісі

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жарлығымен актер  Дулыға Ақмолда Қазақстанның  халық әртісі атағын алды, деп хабарлайды Egemen.kz  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дулыға Ақмолда –  Қазақстанның халық әртісі

Фото: auezov-theatre.kz

25 қазан Республика күніне орай Президенттің Жарлығымен еліміздің өркендеп дамуына үлес қосып келе жатқан әр саланың мамандары мемлекеттік наградамен марапатталып, атақ алды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты актер Дулыға Ақмолдаға Қазақстанның халық әртісі атағы берілді. Дулыға Ақмолда 1993 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында жемісті еңбек етіп келеді, театр және кино актері. Бірнеше көркем фильм мен телесериалдарда басты ролді сомдады.