Республика күні • 24 Қазан, 2023

Республика күні – бірлік, рухани келісім және бейбітшілік мерекесі

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрметті отандастар! Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! 25 қазан – еліміздің тарихындағы маңызды күндердің бірі. 1990 жылы нақ осы күні Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.

Республика күні – бірлік, рухани келісім және бейбітшілік мерекесі

Декларация еліміздің егемендігін жариялады және Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін паш етті. Онда алғаш рет территорияның тұтастығы, бөлінбейтіндігі және қол сұғылмаушылығы, халықтар мәдениеті мен олардың тілдерін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттілік қағидаттары бекітілді. Қазақстан өзінің даму бағытын таңдап, қалыптасудың қиын кезеңдерінен өтіп, әлемдік қоғамдастықта танылған тәуелсіз, егемен мемлекетке айналды.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ әлеуметтік бағдарланған компания ретінде отандастардың әл-ауқатын жақсартуға, еңбек үшін жағдай жасауға барынша күш салып келеді.

Республика күні – бірлік, рухани келісім және бейбітшілік мерекесі. Әрбір азаматтың ұйымшылдығының, адал еңбегінің арқасында Қазақстан барлық бағыт бойынша сенімді дамуды және әлемдік аренадағы жағдайын нығайтуды жалғастырып келеді. Туған жерге деген сүйіспеншілік, бірлік пен өзара сыйластық ең өршіл мақсаттарды жүзеге асыруға көмектесетініне сенімдімін.

Қазақстанның барша халқына зор денсаулық, құт-береке, бейбітшілік пен келісім, игі дәстүрлерді нығайтуда жаңа табыс тілеймін!

В. И. Яблонский,

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры