Пікір • 25 Қазан, 2023

Әскер – ұлт айбары

153 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

25 қазан – ата-баба арманы орындалған күн. Бұл күн болашақ ұрпақтың өркен­деуін қамтамасыз ете отырып, дербес әрі тәуелсіз даму жолын таңдаған бетбұрыс ретінде тарихта мәңгілікке қалады.

Әскер – ұлт айбары

1990 жылы 25 қазанда «Еге­­мендік туралы» деклара­ция қа­былданды, еліміз тәуел­сіз­дікке бет бұрды, азат болу­дың алғышарты жасал­ды. Сон­дық­тан біз үшін бұл күннің орны ерекше. Осындай маңызды құ­­жат­тың қабылдануы мемле­кет пен халықтың өсіп-өркен­деуіне айтарлықтай әсер етті. Еліміздің да­муын әрі қа­рай жалғастыратын бірқа­тар үр­діс­тің негізі қа­ланды. Мем­ле­кеттің біртұ­тастығы, оның аума­­ғы­ның бө­лін­бей­тіндігі мен қол­сұғыл­мау­шы­лы­ғы еге­­мендіктің негізгі қағидат­тарына айналды.

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің Әскери-теңіз күштері Қазақстан Респуб­ли­касы Қа­рулы Күштерінің дербес түрі ретінде түпкілікті қалыптасты. Әскери теңізшілердің міндеті – бірінші кезекте Каспий теңі­зіндегі Қазақстанның еге­мен­дігі мен мемлекеттік мүдде­ле­рін қорғау. Әскери доктрина­да аумақ­тық суларда және Кас­­пий теңізі кон­ти­ненттік қай­­­раңының Қазақстан бөлі­­гінде мемлекеттің ұлттық мүд­­де­лерін қорғау қажетті­лігі атап өтілген. Сол себеп­ті Әске­­ри-теңіз күште­рі Каспий теңі­­зінің елімізге тиесілі аквато­рия­сында мемлекеттің қолсұғыл­маушылығы мен аумақ­тық тұтастығын, егемендігі мен экономикалық мүдделерін қор­ғау сияқ­ты кең ауқымды мін­деттерді абыроймен орындап келеді.

Отандық және шетелдік заманауи кемелермен жарақ­танған Әскери-теңіз күште­рінің жеке құрамы ел аума­ғында да, одан тыс жерлерде де өткізі­ле­тін әске­ри оқу-жаттығуларға тұрақ­ты түрде қатысып тұра­ды. Бұлардың бә­рінде экипаждардың даяр­лық дең­гейі жетілдіріліп, оқу-жауынгерлік міндеттерді орын­дау кезінде олардың өза­ра іс-қимыл жасау тәртібі пы­сық­талады. Өткізіліп жатқан оқу-жат­ты­ғулар еліміздің Әс­кери-теңіз күштері алға қойылған міндеттерді орын­дауға және теңіздегі мемлекет­тік мүдделерді қорғауға дайын екендігін көрсетті.

 

Сәкен БЕКЖАНОВ,

контр-адмирал, Әскери-теңіз күштерінің  бас қолбасшысы