Үкімет • 24 Қазан, 2023

Бағаланған еңбек

243 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздің ең басты ме­рекесі – Республика күні қарсаңында Мәжіліс төр­ағасы Ерлан Қошанов депу­таттар мен аппарат қыз­меткерлеріне Пре­­зи­денттің атынан мем­лекеттік наградаларды тапсырды.

Бағаланған еңбек

Жиналғандарды құттықтаған Мәжіліс төрағасы былтыр 25 қазан Мемлекет басшысының ұсыны­сы­мен Республика күні ретінде қайта жаңғырып, оған ұлттық мереке мәртебесі беріл­генін атап өтті.

– Республика күні – Қазақ­станның дербес мемлекет ретінде қалыптаса бастауының бірін­ші баспалдағы. Ол – біздің Тәуел­сіз­дігімізге жасалған тарихи қадам. Бұл – ұлтты ұйыс­тыратын, патриотизмге тәр­биелейтін, елімізді жаңа жетіс­тіктерге жетелейтін мейрам, – деді Е.Қошанов.

Мәжіліс төрағасы Респуб­лика күнінің қайта жаңғыруы, шын мәнінде, ақжолтай оқиға болып, содан бері елімізде көп­теген іргелі өзгеріс болып жат­қанына тоқталды.

– Сегізінші сайланған Пар­ла­мент Мәжілісінің депу­таттары ретінде біз Прези­денті­­мізбен бірге әділетті Қазақ­станды қа­лып­­тас­тыру жолын­да еңбек етеміз. Депу­тат­тық корпус өкілдері сол рефор­малардың басы-қасында болып келеміз. Парламентте тарихи заңдар мен ел тағ­дырын ай­қындайтын маңызды құжаттар қабылдаумен айналысып отырмыз, – деді Палата төрағасы.

Сонымен қатар Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы да, халық та депутаттық корпустың, жалпы, Мәжілістің белсенді де тиімді жұмысына жоғары баға беріп отырғанын айтты.

Салтанатты жиында Пала­та төрағасы депутаттар мен Мәжі­ліс аппаратының қыз­мет­керлеріне Президенттің құт­тықтауы мен алғысын жеткізіп, Мемлекеттік наградаларды тапсырды.

Мемлекет басшысының Жар­­лығымен «Парасат» ордені­мен Мәжіліс депутаттары Ер­мұрат Бапи, Ерлан Барлы­баев, Ерке­­бұлан Мәмбетов мара­пат­­тал­­ды. Ал депутаттар Нұр­лан Әуес­баев, Снежанна Има­шева, Юлия Ку­чинская, Ма­гер­­рам Магер­ра­м, Ар­дақ Назаров, сон­дай-ақ Мәжі­ліс Аппаратының бө­­лім мең­геру­шілері Зәуре Иман­бер­­­генова мен Майраш Көз­жано­ва «Құрмет» орденімен марапатталды.

«Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері» құрметті атағын Қазыбек Иса алды. «Ерен еңбегі үшін» медалі Мәжіліс депутаттары Ерлан Әбдиев, Олжас Құспеков, Таңсауле Серіков және Мәжіліс Аппаратының бөлім меңгерушілері Мұхтар Ибраймов пен Қонысбай Түсіпжановқа табысталды.

Ерлан Қошанов Мәжіліс Аппараты мен Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы қызметкерлеріне Мәжіліс төрағасының Алғыс­хаттарын тапсырды.