Спорт • 25 Қазан, 2023

Жүзуден қола медаль олжалады

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың  Ханчжоу  қаласында өтіп жатқан жазғы Азия Пара ойындарында  жүзудің комплекстік эстафета сайысынан  қола медаль  бұйырды, деп хабарлайды  Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жүзуден қола медаль олжалады

Turizm_jane_sport_ministrligi

Пара жүзушілеріміз Зүлфия Ғабидуллина,  Сиязбек Далиев,  Наталья Звягинцева, Айсұлтан Құлқаев төрттігі 4х50 метр қашықтыққа  аралас комплекстік эстафетада  көмбеге  3:03.74 уақытта  жетіп, қола жүлдені олжалады. Азия  Пара ойындарының алтын медалін Қытай командасы,  күміс жүлдені Жапония спортшылары  иеленді.