Технология • 26 Қазан, 2023

Тазартылған селен – технология табысы

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандық ғалымдар Балқаш мыс қорыту зауытында тазартылған селен алу техникасын іске қосты.

Тазартылған селен –  технология табысы

Селен – әлемдік металл­ нарығында жоғары сұра­нысқа ие және сирек кез­де­се­тін материал. Білуі­мізше, оны­ өндіру, тазарту қиын. Ал Қ.Сәтбаев университеті Ме­тал­лургия және байыту институтының ғалымдары әзірлеген технология бір кезеңде құрамында 99,5 пайыздан асатын негізгі компоненті бар таза селенді арзан, реагентсіз тәсілмен алуға мүмкіндік береді. Яғни елімізде өндірілетін таза селеннің құны шетелдікінен төмен болады. Селен электроника, күн батареялары, медицина және басқа салаларда қолданылады.

ншл

– Осы уақытқа дейін елі­мізде негізгі құрамдас бөлігі аз мөлшердегі шикі селен­ ғана өндірілді. Қазір жаңа технология дамы­ғаннан кейін Қазақстан жоғары тех­но­­ло­гиялық өнім шығаратын ел­дер­дің қатарына енді, – дейді Сәтбаев уни­верситеті Металлургия және өңдеу инс­­ти­тутының директоры Бағдәулет Кен­жа­лиев.

Жоба Ғылым комитетінің қолдауымен жүзеге асы­рыл­­­­ған. Мемлекет басшысы­ Қасым-Жомарт Тоқаев елде жыл­дар бойы ғылымға тиісті көңіл бөлінбегенін жиі айтады. Сол себепті де осындай­ жетіс­тіктерге қаншама жыл бойы жете алмадық. Сәт­баев университетінің ға­лым­дары ойлап тапқан осы әдіс негізінде Балқашта «Kazakhmys Progress» ком­па­ниясының таза селен өн­ді­ретін цехы да ашылған. За­манауи өндірістің ашылуы ғылым мен өндірістің бірі­гуіне септігін тигізіп, ел ғылымын жаңаша жолға бас­тайды.