Президент • 27 Қазан, 2023

Президентке әкесі Кемел Тоқаевтың шағын кабинет-мұражайы таныстырылды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына жұмыс сапары барысында Үштөбе қаласындағы әлеуметтік нысандарды аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президентке әкесі Кемел Тоқаевтың шағын кабинет-мұражайы таныстырылды

Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында биыл ашылған 30 орындық жатақханасы бар Гуманитарлық колледжге барды.

Мұнда болашақ педагогтерге «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру педагогикасы және әдістемесі» мамандықтары бойынша білім беріледі.

1698394750_KZ1_5128_2.jpg

1698394780_KZ1_5117_2 (2).jpg

Оқу орнында 17 заманауи аудитория, мәжіліс және спорт залдары, медициналық кабинет, асхана мен буфет бар. Колледж инклюзивті орта талаптарына сай жабдықталған, яғни ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін пандус пен арнайы лифт қойылған.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы  Үштөбедегі орта мектепті аралап көрді.

Білім ошағы 1963 жылы салынған. 1996 жылы мектепке Кемел Тоқаевтың есімі берілген.

1698395810_KZ1_5538_2.jpg

1698396978_KZ1_5485_2.jpg

1698396978_KZ1_5509_2.jpg

Президентке қаламгер Кемел Тоқаевтың шағын кабинет-мұражайы таныстырылды. Мұнда жазушының шығармалары, тұтынған жеке заттары қойылған.

1698394844_KZ1_5385_2.jpg

1698395900_KZ1_5295_2.jpg

Сондай-ақ Мемлекет басшысы биыл салынып, халық игілігіне берілген дәрігерлік амбулатория жұмысымен танысты. Аталған медициналық мекеме бір ауысымда 50 адамды қабылдай алады. Емделушілер үшін стационар, физиотерапия, процедуралық, екпе салу, гинекология және басқа да медициналық кабинеттер жұмыс істейді.

1698395360_KZ1_5004_2.jpg

1698395337_KZ1_5021_2.jpg