Көрме • 30 Қазан, 2023

Explore Jana Qazaqstan фотокормесі 18 қарашаға дейін жалғасады

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазан айының 28-і күні сағат 13.00-де Астанадағы Mega Silk Way сауда-сауық орталығында Explore Jana Qazaqstan фотокөрмесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Explore Jana Qazaqstan фотокормесі 18 қарашаға дейін жалғасады

Аталған көрме Explore Jana Qazaqstan командасының National Geographic Qazaqstan редакциясымен бірлесіп,  биыл мамыр мен қыркүйек айлары аралығында ұйымдастырған 5 экспедициясының нәтижесінде әзірленген. Экспедицияға Xiaomi қолдау көрсеткен.

Экспедицияның мақсаты − Қазақстанның туристік өңірлерінің әлеуетін ең үздік отандық фотографтар мен саяхатшы блогерлердің фотоаппараттары мен видеокамераларының обьективі арқылы паш етіп, ішкі туризмді дамытуға қосымша серпін беру. Осы  орайда, команда мүшелері еліміздің Түркістан, Алматы, сондай-ақ шығыс пен батыс өңірлерінде болып, байтақ Отанымыздың айшығы алуан тұмса табиғатымен танысты.

National Geographic Qazaqstan редакциясы аталған сапарлар барысында түсірілген 3500-ден астам фотосурет арасынан Xiaomi 13 сериясы телефонымен айшықталған ең үздік 25 суретті іріктеп алып, көрмеде ұсынып отыр.

Фото

Ұланғайыр даламыздың тамаша табиғатының ғажайыптары көрсетілетін көрме 18 қарашаға дейін жалғасады.