Қоғам • 30 Қазан, 2023

«Хизб-ут-Тахрир» және «ДАИШ» ұйымдарының жақтаушылары ұсталды

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы мен Түркістанда терроризмді насихаттады деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Хизб-ут-Тахрир» және «ДАИШ» ұйымдарының жақтаушылары ұсталды

Фото: Polisia.kz

Алматы қаласының полиция департаменті ҰҚКД-мен бірге терроризм идеяларын насихаттаған күдіктіні ұстады. Ол Қазақстанда тыйым салынған «Хизб-ут-Тахрир әл-Ислами» діни-экстремистік ұйымының жақтаушысы болып шықты.

Сонымен қатар Түркістанда облыстық Полиция департаменті қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен терроризм идеяларын насихаттады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам Қазақстанда сот шешімімен тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымы идеологиясының жақтаушысы екен.

Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1-бөлігі «Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсталғандарға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.


Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Кеше

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Кеше

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Кеше

Алаш дәрігері

Тұлға • Кеше

Нияз батыр

Зерде • Кеше

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Кеше

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Кеше

Пойыздағы арпалыс

Театр • Кеше

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Кеше