Қанат Шарлапаев Үкіметтің ArcelorMittal компаниясымен ұзақ уақыт бойы келіссөздер жүргізгенін атап өтті.
«Біз 22 қазанда ArcelorMittal компаниясымен алдын ала құжаттарға қол қойдық. ArcelorMittal қол қою шахтадағы қайғылы оқиғаға дейін болғанын растады», деді Қанат Шарлапаев.
Үкімет қазір бұл инвестор AMT акционерлерінен бас тартқаннан кейін Қазақстанды одан әрі сот процестерінен қорғау үшін жұмыс істеп жатыр. Компания да атын өзгертуге мәжбүр болады.
«Арселор қазақстандық кәсіпорынның акционерлерінен шығуына байланысты біз Arcelor атауын пайдалануға құқығымыз болмайды. Компанияның келесі атауы қандай болатынын біз әлі шешпедік, бұл орайда зауыт қызметкерлерінің пікірі ескеріледі», деді ол.