«Цифрлық отбасы картасы арқылы олардың жалақысы туралы мәліметтерді қарадық. Біліктілігі мен атқарған қызметіне қарай олардың жалақысы 300 мыңнан басталып, 1,6 миллион теңгеге дейін болған», деді Т. Дүйсенова үкімет отырысында.
Министр кеншілердің жалақысын көтеру мәселесі жыл сайын қаралатынын айтты.
«Олардың ұжымдық шартында жұмыс көлемін жүзеге асырғаны үшін тиісті қосымша төлемдер қарастырылған», деді вице-премьер.