Олимпиада • 31 Қазан, 2023

Олимпиада жеңімпаздарына құрмет

190 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері 23 озат оқушы әлемдегі ең беделді жеті олимпиадада 2 алтын, 11 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды. Олардың қатарында IMO, IphO, IChO, IBO, IGеO, IOI және IOL пәндік олимпиадалары бар. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев олимпиада жеңімпаздарымен және жүлдегерлермен, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтермен кездесті.

Олимпиада жеңімпаздарына құрмет

мпиаданың (IPhO) күміс жүл­дегері, Алматы қаласындағы №165 мамандандырылған лицей оқу­шы­сы Марғұлан Нұрсағатов тәлім­герлеріне алғысын білдірді. «Фи­зиканың қыр-сырын үйрету үшін күш-жігер жұмсаған мұғалім­деріме және мені қолдап келе жат­қан ата-анама рахмет айтамын. Сондай-ақ еліміздің болашағына – бізге сенім артқаны үшін Мемлекет басшысына ерекше алғысымды білдіремін», деді Марғұлан Нұр­сағатов.

Оқу-ағарту министрі жеңім­паздарды жетістіктерімен құт­тық­тап, халықаралық олимпиа­даларда жүлдегер болған оқу­шыларды қол­дау шараларына тоқталды.

– Сіздер еліміздің көк туын әлемдік аренада жоғары көтеріп, математика, физика, химия, биология, география, информатика сияқты іргелі ғылымдар бойынша лайықты нә­тижелерге қол жеткіздіңіздер. Бұл ұстаздардың да орасан зор ең­бегі, жетістігі деп білемін. Мем­лекет дарынды оқушыларға жан-жақ­­ты қолдау көрсетіп келеді. Был­­тыр­дан бері халықаралық олим­­пиа­далардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлене бас­та­ды. Биыл әлем­дегі ең беделді 7 олим­пиадада жүл­дегер атанған 23 оқушыға 65,5 млн теңге, ал 20 педагогке 6 млн теңгеге жуық ақшалай сый­ақы берілді. Бұл шаралар, ең алды­мен, олимпиадашылардың беде­­лін арттыруға және отандық ғылым­­ның болашақ жұлдыздарын қалыптастыруға бағытталған, – деді Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, алтын медальға – 1 500 айлық есептік көрсеткіш, күміс медальға – 1 000 айлық есептік көрсеткіш, қола медальға 500 айдық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай сыйақы қарастырылған. Алтын медаль иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық жалақының 26,5 еселенген мөл­шерінде, күміс үшін базалық лауазымдық жалақының 17,5 еселенген мөлшерінде, қола үшін базалық лауазымдық жалақының 8,5 еселенген мөлшерінде сыйақы төленеді.