Аймақтар • 05 Қараша, 2023

Түркістанның төрт ауданында әкімдер сайлауы өтіп жатыр

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысына қарасты Созақ, Бәйдібек, Мақтаарал, Шардара аудандарында алғаш рет пилоттық жоба бойынша әкім сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыстың өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Түркістанның төрт ауданында әкімдер сайлауы өтіп жатыр

Фото: Ведомство. Телеграм

Аудандардағы сайлау учаскелерінде сайлау науқаны таңғы сағат 7:00-де басталып кеткен. Учаскелер алғашқы келушілерге естелік сыйлықтар табыстады, мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған.

Айта кетсек, Бәйдібек ауданында 28 807 сайлаушы болса, 50 сайлау учаскесі, Мақтаарал ауданында 70 648 сайлаушы, 63 сайлау учаскесі бар. Ал Созақ ауданында 35 715 сайлаушы, 39 сайлау учаскесі, Шардара ауданында 44 109 сайлаушы, 33 сайлау учаскесі бар.