«Hero Training» бағдарламасының екінші кезеңі кәсіпкерлердің үлкен қызығушылығын тудырған. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Әзербайжан және Түркия стартаптарынан барлығы 129 өтінім түсті. Стартаптар скринингтік, диагностикалық қатаң іріктеуден өткен. Жобаларды диагностикалау қортындысы екі аптаға созылған. «Fundamentals of Entrepreneurship» онлайн-акселерациясына қатысуға 80 стартап таңдалған. Ал Кремний алқабындағы «Draper University»-дегі «hero Training» офлайн акселерациясына қатысуға тек 12-сі іріктелді: «AlgoFarm», «Prosper Pay», «Loca, Pipedata AI», «EZ FACTOR», «Hired Valley», «TrustMe», «myMind», «Oku Toku», «WhoockAI», «Oraclus», «CheckAuto».
– «Hero Training» мүшелері «Draper University» кампусында алты айға дейін уақыт өткізеді, онда оларға баспана мен жұмыс кеңістігі беріледі. Бұл уақыт тәжірибелі технологиялық кәсіпкерлер мен «Draper University» экожүйесінің сарапшыларының басшылығымен жұмыс істей отырып, стартаптарға инвестиция тартуға және америкалық нарыққа шығуға бірегей мүмкіндік береді. Осы жылдың мамыр айында Калифорнияға барған 15 стартаптың бірінші легінің түлектері оқуды сәтті аяқтап, қазір өнімді дамыту, инвестицияларды тарту және өз жобаларын әлемдік деңгейде масштабтау бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр, – деді «Astana Hub» бас директоры Мағжан Мәдиев.
Естеріңізге сала кетейік, Тим Дрэйпер «Digital Bridge – 2023» форумында сөйлеген сөзінде «Astana Hub»-та мені өз энергиясымен қуаттаған адамдармен кездестім. Бұл үлкен әлеуеті бар елге көзімді ашқан өте қызықты тәжірибе болды. Мұндағы адамдар білімді және ынталы. Шынында да, Қазақстан Орталық Азия үшін IT-хабқа айналуы мүмкін», деген еді.
«Draper University»-мен ынтымақтастық туралы шартқа Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің АҚШ-қа ресми сапары кезінде қол қойылған еді. «Draper University» – Кремний алқабында беделді әрі бұрыннан қалыптасқан экожүйе. Ал «Astana Hub» – Орталық Азиядан онымен серіктестік бағдарламаны іске қосқан алғашқы технопарк.
«Astana Hub» пен «Draper University» Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып, өнімді инновацияларды ынталандыру жобасын қолға алған еді. Осы жоба шеңберінде халықаралық нарықта өз бизнесін кеңейтуге ұмтылатын кәсіпкерлер мен стартаптарға әзірленген «hero Training» акселерациялық бағдарламасының екінші кезеңі іске қосылды.
Президент Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
Президент • Бүгін, 00:42
Экономикалық трансформация: Елде 17 ірі жоба ашылып, 25 мың адамды жұмыспен қамтиды
Экономика • Бүгін, 00:15
Азия чемпионатына баратын боксшылар белгілі болды
Спорт • Кеше
Балқаш көлінде жоғалып кеткен балықшылар табылды
Төтенше жағдай • Кеше
Елордадан 556 мың текше метр қар шығарылды
Елорда • Кеше