Мәдениет • 07 Қараша, 2023

«Бала күнгі арманым». Мейрамбек Бесбаев туған күнінде жеке радиосын ашты

1009 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы белгілі әнші жаңа радионың әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Бала күнгі арманым». Мейрамбек Бесбаев туған күнінде жеке радиосын ашты

«Қымбатты менің оқырмандарым мен тыңдаушыларым! Бүгін 7-қараша менің туған күнімде «Аспан ФМ» радиосы ресми түрде ашылды. Радио – менің бала күнгі арманым. Міне, енді сол арман шындыққа айналды. Осы жолда маған қол ұшын созып, көмектескен адамдардың барлығына шексіз алғысымды білдіремін», деп жазды Мейрамбек Бесбаев.

Айта кетсек, бұл радио толқыны махаббат туралы үздік әндер шырқалатын жаңа радио болмақ.

«Біз көптеген сауалнамалар жүргіздік және сіздер ұнатқан әндерді таңдап, махаббат туралы үздік әндер шырқалатын жаңа радио жасадық. «Аспан ФМ» – махаббат мекені болады. Бізбен бірге болып, 98.9 ФМ толқынын тыңдаңыздар», деп қосты әнші.