Фото: Әл-Фараби. Ашық дереккөз.
( VIII – VIV ғғ. )
Қорқыт
Адам баласы керуен сияқты: тоқтады, көшті де кетті.
Алыс жолды көзбен көр, көкейге түй.
Қанша тасып тулағанмен өзен теңізді толтыра алмайды.
Топырақ тау болмайды.
Шіріген мақтадан мата шықпайды, ежелгі дұшпаннан дос шықпайды.
Жалғыз жігіт қол болмас.
Ананың хақы – құдайдың хақы.
Әбу Насыр Әл-Фараби
Ақиқат адалдықпен ағзалас.
Мінез-құлық міні рухани кеселге жатады.
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.
Мінез бен ақыл жарасса, адамгершілік ұтады.
Тән ауырса, жан да ауырады.
Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді.
Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да, игілігін көріп, рақатына бөленуді мақсат тұтқан жөн.
Әсіре көп немесе кем еңбек ету күшке күш қоспайды, қайта қалжырата түседі.
Талпыныс тәжі – табандылық.
Музыканың негізгі міндеті – адамның эстетикалық қажетін өтеу.
Ғаламда әр адамның өз орны бар.
Ахмет Иассауи
Ғаріптерге көңіл бөл.
Әманда сауап жаса.
Тасжүрекке Құдай назар салмайды.
Тәуба қылмай, сауда қылғаннан сақтағай.
Ғашық патша да, ғашық пақыр да жауласа алмас.
Нәпсі көп жүгіртіп хақты ұмыттырады.
Сөз де надандардың көңіліне жол таба алмайды.
Ниетсіз, құлықсыз, құштарлықсыз, қиналыссыз сөздің салмағы жоқ.
Тәубесі жоқтың көңілі арам.
Менменнің барар жері тамұқ.
Тәкаппар тозақта күйеді.
Жақсыдан ғибрат ала бергеннің ісі оңға басады.
Дүниеқоңыздың ішіне шайтан кіреді.
Ақ көңіліңмен Алла дегенінді Тәңірі біледі.
Мұратқа жолын тапқан жетеді.
Қиын да болса, түзу жолмен жүр.
Жалған сөйлеген имансыз қалады.
Алланы таныған, өзің де табады.
Заман азар уағында патша айналар залымға.
О дүниеге ешкім де саған жолдас боп ермейді.
Шын мүбәрак жанның бағы жанар.
Ойсыз, мұңсыз уақыт зая.
Жарандармен қоян-қолтық араласпасаң, жылуын да сезбейсің.
Тәні тәрбиелінің жаны жәннатта болады.
Ынтасыздың күңі қараң.
Тойымсыздық – теріс нәпсі.
(Ербол Шаймерденұлы құрастырған «Қазақ афоризмдері» кітабынан іріктеліп алынды).