Қаржы • 08 Қараша, 2023

Доллар мен мұнай бағасы тағы өсті

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасы (KASE) ұсынған деректерге қарағанда, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,07 теңгеге қымбаттап, 466,79 теңге болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар мен мұнай бағасы тағы өсті

Фото: ашық дереккөз

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да өсіп, 64,15 теңге (+0,49) болды.

Ұлттық банк еуро бағамын 496,17 теңге, рубль бағамын 5,03 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 467,7 - 469,9 теңге, еуро 498,5 - 502 теңге, ресей рублі 4,95 - 5,09 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Оған қоса әлемдік мұнай бағасы да қымбаттады.

Мәселен, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны 0,15%-ға өсіп, барреліне 81,73 доллар болды құрады.

Ал NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 0,01%-ға өсіп, барреліне 77,38 доллар болды.