Қоғам • 08 Қараша, 2023

Астаналықтар көліктеріне газ таппай сенделіп жүр

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда бас қала жүргізушілері көгілдір отын тапшылығына шағымданған еді. Осы тұста Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Астанада газ тапшылығы неден болғанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астаналықтар көліктеріне газ таппай сенделіп жүр

Фото: ашық дереккөз

Министрдің айтуынша, Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бағасы АИ-92 бензині мен дизель отынымен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Бұл автомобильдерді жанармайдың осы түріне жаппай көшіруге себеп болды. Оның үстіне жүргізушілердің басым бөлігі көліктерін газға ауыстыра бастады.

«Энергетика министрлігі бұл ресурс елімізде шектеулі екенін бірнеше рет мәлімдеген, тұтынудың мұншалықты өсуін қанағаттандыруға жеткіліксіз. Біз бұл туралы көлік иелеріне алдын ала ескерттік», деді Алмасадам Сәтқалиев.

Ресми дерекке сәйкес, жыл басынан бері сұйытылған мұнай газын тұтыну 25%-дан астамға өскен. Енді қалыптасқан тапшылықты жою үшін министрлік тарапынан тиімді шаралар қабылданғаны орынды.

«Тапшылықты жабу үшін бірқатар шара қабылдадық. Мәселен, ТШО шамамен 66 пайызын ішкі нарыққа жіберді. Біз «Қазмұнайгаздан» ай сайын 10 мың көлем алып отырдық, яғни, олардың барлық көлемін ішкі нарыққа шығардық. Алайда ресурс шектеулі. Қазір сұйытылған мұнай газын өндіру деңгейінде баланс ұстап отырмыз. Егер мұнай өңдеу зауыттарының біріне жөндеу жүргізілсе, көлемдер ел бойынша қайта бөлінетіні және оларды қолмен басқаруға тура келетіні анық. Астанада осы жағдай болды», деп түсіндірді министр.