Қоғам • 08 Қараша, 2023

Польшаның Нобель сыйлығын алған тұңғыш жазушысының ұлты – татар

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымын атқарған Селим Хазбиевичтің зерттеу еңбектері жинағының   тұсаукесері өтті.

Польшаның Нобель сыйлығын алған тұңғыш жазушысының ұлты  – татар

Фото: Ерлан Омаров

арасына

«Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясында өткен салтанатты шарада, филолог, түркітанушы, елші  Селим Хазбиевичтің бірнеше кітаптарының тұсауы кесілді.  

«Соғысаралық кезеңдегі Польша татарларының идеологиясы», «Польские татары – наследники Золотой  Орды» кітаптары бұған дейін де оқырман қауымның ықыласына бөленген еді.   Қырым татарларының  тағдыр талайы туралы докторлық диссертациясын қорғаған    Селим Хазбиевичті поляк халқы ақын ретінде де таниды. Себебі 1978 жылдан бері бірнеше жыр жинағы жарық көрді.

Іс-шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған Жетпісбай Бекболатұлы   поляк татарларының саны аз болғанымен қадау-қадау тұлғалар шыққанын атап өтті.  Мысалы, поляк халқынан алғаш болып Нобель сыйлығын алған жазушы Генрик Сенкевич те поляк татары.

Ж.Бекболатұлы Қазақстан мен Польша арасындағы рухани, мәдени, әдеби байланыстардың  нығайып келе жатқанын, поляк  жерінде  тұрақтап қалған қоңырат, найман, жалайыр руларының  тарихын зерттеу қолға алынғанын да жеткізді.