Қоғам • 10 Қараша, 2023

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

236 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова бала құқықтары жөніндегі аймақтық уәкілдер, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары, сарапшылар және Мәжіліс депутаттарымен кездесті. Іс-шара барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасы талқыланды.

Балалар қауіпсіздігі –  басты назарда

Вице-премьер Тамара Дүйсенова Үкімет тарапынан медициналық көмек, білім беру, әлеуметтік қорғау сапасын арт­тыру және балаларды тиісті инфрақұры­лыммен қамту бойынша кешенді шаралар қабылданғанын атап өтті. Бүгінде балалар елдегі халық санының үштен бірін (елімізде 6,8 млн бала мен жасөспірім) құрайды.

«Балабақшалардағы орын тапшылығы мәселесін шешу үшін елімізде жыл са­йын мектепке дейінгі мекемелер қатары көбейіп келеді. Сапалы орта біліммен қамту мақсатында мектеп құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Өскелең ұрпақты әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Алайда бала­лардың қауіпсіздігі мәселесі әлі де өзекті. Сондықтан бұл заң жобасы қоғам үшін өте маңызды. Құжаттың сапасы сарап­шылардың ұсыныстары мен олардың бұл салада жинақталған зор тәжірибесіне байланыс­ты», деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Заң жобасы туралы Қазақстан Респуб­ликасы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Дина­ра Зәкиева айтып берді. Оның айтуын­ша, құжатта елімізде отбасылар мен бала­ларға көмек көрсетуге бағытталған инф­ра­құрылым жасау қарастырылған. Әр аудан­да қолдау орталықтары, әр облыста психо­логиялық қолдау орталықтары салынады.

Заң жобасы әзірге 50-ден аса талапты қамтып отыр. Енді ондағы норма қоғам арасында кеңінен талқыланады. Премьер-министрдің орынбасары барлық мүдделі тараптарды бұл іске атсалысуға шақырды. Ал бала құқықтары жөніндегі аймақтық уәкілдерден Тамара Дүйсенова өңірлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, азаматтардың жобаға қатысты талап-тілектерін жинауды сұрады.