Аймақтар • 10 Қараша, 2023

"Суретіңді таратамын": Өзбекстан жігіті шымкенттік бойжеткенді бопсалаған 

2263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қалалық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғыннан ақша бопсалаған Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Суретіңді таратамын": Өзбекстан жігіті шымкенттік бойжеткенді бопсалаған 

Жәбірленуші бойжеткен әлеуметтік желіде ер адаммен танысып, бірнеше ай бойы хат алмасқан. Кейін күдікті сенімге ие болып, оның жеке деректері мен фотосуреттеріне және интимдік суреттеріне қол жеткізген. Кейін бұл суреттерді «жақындарына таратамын» деп қорқытып, ақша талап ете бастаған.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде бопсалаушы Атырау қаласында ұсталды. Ол 34 жастағы Өзбекстан азаматы болып шықты.

«Полиция аталған жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабы «Бопсалау» бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерде бейтаныс адамдармен жеке тақырыптарда хат алмасуға және жеке сипаттағы фотосуреттер мен бейнелерді сақтауға және жіберуге болмайтынын ескертеді», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.