Спорт • 12 Қараша, 2023

"Тәп-тәуір сөйлейді". Илья Ильин қазақша сөйлеп, үлгі көрсетіп жүр

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин 2023 жылдың 10 қарашасында Instagram парақшасында қызын құттықтаған бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

"Тәп-тәуір сөйлейді". Илья Ильин қазақша сөйлеп, үлгі көрсетіп жүр

Спортшы соңғы кездері қазақ тілін үйреніп жүр. Ол бұл жетістігін бейнетаспаға түсіру арқылы көрсетті.

"Мила, туған күніңмен құттықтаймын! Мен сені жақсы көремін, қызым! Мила, туған күнің құтты болсын, қызым! Мен сені,жақсы көремін!" – делінген видео астындағы хабарламада.

 "Сен қазірдің өзінде өсіп қалдың! Денсаулығың мықты және бақытты бол!" деп қосөан Ильин.

Қазақ тілінде сөйлеген Илья Ильин желідегі жазылушыларын таң қалдырды. Олар спортшының тәп-тәуір сөйлейтінін айтқан.

Айта кетейік, спортшының қызы бірінші некесінен туған.

Ильин 2023 жылдың басында екінші рет үйленді. Қазір оның әйелі - астаналық кәсіпкер Татьяна Гордиенко.

Атақты зілтеміршінің Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен бірінші әйелі гандболшы Наталья Кулаковадан Милана есімді қызы бар.