Қоғам • 12 Қараша, 2023

Бишімбаев ісі: Салтанат Нүкенованың өліміне қатысы бар тағы бір адам ұсталды

1230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта, тергеу органдары, оқиғаның барлық мән-жайларын және нақты адамдардың кінәсін анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралардың барлық кешенін орындап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бишімбаев ісі: Салтанат Нүкенованың өліміне қатысы бар тағы бір адам ұсталды

Астана қаласының Полиция департаменті елордадағы мейрамханалардың бірінде Қылмыстық Кодекстің 99 (кісі өлтіру) бабымен әйелді өлтіру фактісі бойынша тергеуді жалғастыруда.

Полиция таратқан дерекке қарағанда, осы қылмысты жасады деген күдікті қамауға алынған.

Қазіргі уақытта, тергеу органдары, оқиғаның барлық мән-жайларын және нақты адамдардың кінәсін анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралардың барлық кешенін орындап жатыр.

"Тергеу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432 (қылмысты жасыру) бабы бойынша қылмыстық іс жеке тіркелді, оның шеңберінде "Гастро-орталық" директоры күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) 119-бабы 3-бөлігі (қауіп-қатерде қалдыру) бойынша қылмыстық істер тіркелді", - делінген хабарламада.

Тергеуді Астана қаласының Полиция департаменті тергеу басқармасы жүргізеді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында болады.

Естеріңізге сала кетейік, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.