Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы негізгі құрамда болғанымен, бірінші таймның соңында жалғыз шабуылға шығып, қарсылас ойыншы Джером Опокудан «таяқ жеп» қалды. Спортшы алған жарақатынан алаңды тастап кетуге мәжбүр болды. Артынша ауруханаға жатқызылды.
Кейін «Бешикташ» Instagram желісінде жарақат алған Зайнутдиновтың суретін жариялады.
«Бахтиёр Зайнутдиновтың мұрны сынған. Сірә, оған ота жасалуы мүмкін. Ойын кезінде қарсылас футболшының шынтағы тиіп кетті. Оның көзі көрмей қалды», деді команданың бас бапкері Рыса Чалымбай.
Бахтиер үшін бұл Түркия чемпионатындағы оныншы кездесу болды. Ойыннан кейін Зайнутдинов Сан-Марино мен Словенияға қарсы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық матчтарына дайындалып жатқан Қазақстан құрамасының орналасқан жеріне баруы керек болатын.