Әлем • 13 Қараша, 2023

Instagram-да Өзбекстан президенті туралы жазған 19 жастағы жігіт түрмеге жабылды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каттақорған қаласының 19 жастағы тұрғыны Өзбекстан президенті туралы келемежге жақын пікір айтқаны үшін 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.

Instagram-да Өзбекстан президенті туралы жазған 19 жастағы жігіт түрмеге жабылды

Самарқанд облысының Каттақорған аудандық соты сотталушының Instagram парақшасын бұғаттау туралы да шешім шығарды.

Іс материалдарына сәйкес, И.Д. желіде президенттің отбасылық видеосы астына Шавкат Мирзиеевке қатысты жағымсыз жазба қалдырған. Сот-медициналық сараптама түсініктемеде мемлекет басшысына тіл тигізіп, беделін түсіруге бағытталған әрекеттердің барын растады.

Істі қарау барысында сотталушы достарының кеңесінен кейін өз пікірін өшіріп тастағанын айтып, өз кінәсін толық мойындады. Ол жасаған әрекетіне өкініп, бұл оқиғаның саяси жағдайды түсінбеушілік салдарынан болғанын алға тартып, жазасын жеңілдетуді сұраған.

Судья Т.Алмаматов И.Д.-ны Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 158-бабының 3-бөлігімен президентті ашық түрде қорлау немесе жала жабу бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, сот Instagram-дағы dilshod_oke9377 профилін бұғаттау туралы шешім қабылдады және Цифрлық технологиялар министрлігіне шешімді орындауды міндеттеді.

Еске салайық, 2021 жылдың наурыз айында Қылмыстық кодекс телекоммуникация желілерін немесе интернетті пайдалана отырып, президентті көпшілік алдында қорлау немесе жала жабу үшін жауапкершілікті белгілейтін нормамен толықтырылған болатын.