Қоғам • 13 Қараша, 2023

«Алтын домбыра» жеңімпазына автокөлік берілді

1570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада екі күнге ұласқан айтыс өтті.  Amanat  партиясының қолдауымен Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Алтын домбыра»  бәйгесінде  еліміздің әр өңірінен 16 ақын сөз жарыстырды, деп хабарлайды Egemen.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алтын домбыра» жеңімпазына автокөлік берілді

Суретті түсірген Әли ҒАЛЫМ

Amanat партиясының  атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек  келешекте де партия қазақ руханиятына қолдау көрсететінін айтты. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев екі күнге ұласқан ақындар айтысында тақым қысып қолдау көрсетіп, сөз сайыстырған дүлділдерді қолпаштаған көрермендерге  алғысын жеткізді.

айт

Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова төрағалық еткен қазылар алқасы бас бәйгенің жүлдесі «Алтын домбыра»  мен автокөлікті қарағандылық Мақсат Ахановқа байлады.  

«Үндемесем өзіме өзім төре, сөйлеп кетсем өзіме сөзім төре», дейді қазақ халқы. Сол сөзге бүгін әділ бағасын берген қазылар алқасының ары таза деген ойдамын», деді Ә.Беркенова. 1-орын мен «Айтыс ақтаңгері» атағы қызылордалық Мейірбек Сұлтанханға, 2-орын павлодарлық Аспанбек Шұғатайға тиді. 3-орынды ұлытаулық Төлеген Жаманов пен Батыс Қазақстан облысынан келген Жансая Мусинаға  бұйырды.  Арнайы жүлде  Жамбыл облысынан қатысқан Алина Айдаралы, Батыс Қазақстан облысының айтыскері Мұрадым Мейірланов және алматылық Шұғайып Сезімханға берілді. Өзге ақындарға да сый-сияпат табысталды.

 

  

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50