Қарағанды жұртының мерейін асырған сөз шеберін облыс әкімі арнайы қабылдап, жеңісімен құттықтады.
Айта кетейік, Amanat партиясының қолдауымен Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Алтын домбыра» сөз сайысында еліміздің әр өңірінен 16 ақын қатысып, «Алтын домбыра» мен арнайы жүлде автокөлікті Мақсат Аханов жеңіп алды.