Коллажды жасаған – Амангелді Қияс, «ЕQ»
«Қарапайым халыққа ауыр тиетін, тіпті олигархтардың өзіне ұнай бермейтін шешімдердің басым көпшілігі Г.Марченконың тұсында қабылданды» деген пікір күні бүгінге дейін айтылады.
Осыған дейінгі кездесулерде спикеріміздің кез келген сұраққа жауабы дайын, тіпті қолайына жақпайтын сұрақтардың өзін әдемі қалжыңымен тұздықтап отырып өткізіп жіберетінін сан мәрте рет көргенбіз.
Бұл жолы да Г.Марченкомен кездесу ұжымдық сипатта өтті. Бірақ ретін тауып Қазақстандағы девальвациялар тарихын, оның ішінде сауатсыз жүргізілгендері туралы сұрағымызға қысқа болса да жауап алдық. Ұлттық банктің экс-төрағасының басшысы 1999 және 2009 жылдары девальвация жасау туралы шешім Ресейде ұлттық валютаның құнсыздануынан кейін қабылданғандықтан дұрыс болды деп санайды. 2014-2015 жылдардағы жалпы теңге 2,5 есе әлсіреген оқиғаларға қатысты оның пікірі басқаша. Марченко атап өткендей, сол кезде ұлттық валютаны қолдауға 23 миллиард доллар жұмсалды.
«Терещенко үкіметі интерофсет деп аталатын әрекетті жүзеге асырған кездегі ең сәтсіз макроэкономикалық эксперимент болды. Олар Ұлттық банкті осы шешімді қабылдауға мәжбүрледі. Сол кездегі төраға Дәулет Сембаев «халыққа қиын тиеді» деп бұл шешімді орындаудан бас тартты. С.Терещенко мен Ә.Қажегелдин мырза Президентті көндірді. Сөйтіп ол Қазақстан Ұлттық банкінің визасыз аралық есеп айырысуларды жүргізу туралы Жарлыққа қол қойды», дейді Г.Марченко.
Иә, бұл шешімнің халыққа ауыр тигенін әлі ұмытқан жоқпыз. Сол жылы үш айда айырбас бағамы бір доллар үшін 11 теңгеден 40 теңгеге дейін, яғни 3,5 еседен астам төмендеді. 1994 жылы маусымда айлық инфляция 46,5%-ды құрады. Яғни 2014-2015 жылдары бізде бірқатар макроэкономикалық қателіктер болды. Біріншіден, 2014 жылдың ақпанындағы девальвация қажеттіліктен туған жоқ. Ал 2015 жылдың қаңтарында олар өтемдік девальвацияны кейінге қалдырды. 2015 жылдың күзінде Ұлттық банк интервенция жасамай, бағамның шектен шығуына жол берді. Әуел баста ақша массасы 70 пайыздан жоғарылап, кәсіпорындарға жұмысшыларының қарызын өтеуге мүмкіндік туады. Бұл үдерісті бақылау бізге оңай болады деп үміттендік. Ал іс жүзінде керісінше болды. Адамдар қолдағы қаржысына доллар сатып алды, теңге бағасы құлдырады. Дәл осылай 2014 жылы «девальвация» болмағанда және 2015 жылдың қаңтарында «дұрыс девальвация» болған кезде валюта бағамы да басқаша қалыптасар еді.
«2015 жылдың сәуірінде бізде кезектен тыс президенттік сайлау өтті. Сайлау алдында девальвация жасауға болмайды. Сайлаудан кейін «бізде бәрі жақсы» деген сөздер айтылды. Нағыз девальвация 2015 жылдың тамызында басталды. Содан кейінгі 8 айда олар бүкіл ШОБ-ты іс жүзінде тұншықтырды. Бұл ірі экспорттаушы кәсіпорындар үшін жақсы болды, бірақ шағын және орта бизнес үшін өте қиын еді. Өкінішке қарай, девальвацияның отандық экономикаға әсері туралы бірде-бір аналитикалық мақаланы көрген жоқпын» деп атап өтті экс-төраға. Енді Ұлттық банктің экс-төрағасымен болған блиц-сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз:
– Теңгені айналымға енгізу туралы алғашқы идеялар айтыла бастаған кезде сіз қайда болдыңыз?
– 1993 жылы Қазақстан Республикасының тарихындағы жалғыз вице-президенті Ерік Асанбаевтың көмекшісі едім. Жаңа валюта – теңгенің басып шығарылғанын сол кезде білдім. Бұдан кейін Ұлттық банк төрағасының орынбасарларымен кездесіп, Ұлттық банк халыққа валюта айырбастауға қанша күн береді, коэффициенті қандай, бағамы қандай? – соны білуден басталды. Бірақ бұл сауалдарға нақты жауап ала алмадым. Ерік Асанбаевтың Президентке келіп, комиссия құруды ұсынғанын, ол кісінің бұл ұсынысты қолдағанын бәріңіз білесіздер.
– Сіздің 1996 жылы депозиттерге кепілдік беру қорын құруды ұсынғаныңызды « теңге тарихындағы ең тиімді шешім» деп атайды.
– Бірақ ірі банктер бұған үзілді-кесілді қарсы болғанын ешкім білмейді. Себебі олар шағын банктер үшін комиссия төлегісі келмеді. Ойым дұрыс болды, бірақ уақыты келмеді, мені ешкім қолдамады. Бірақ бұл ұсыныстың сәтті болғанын бәріңіз білесіздер... Қысқасы, Ұлттық банк төрағасы болған кезде 2000 жылы мүмкіндігіміз көтеретін жағдайдың бәрін жасадық...
– Зейнетақы реформасына қарсы шығып, сынадыңыз.
– Мемлекет басшысы кейбір шешімдер қабылдағанда, қаласаң да, қаламасаң да оны орындау керек. Жеке зейнетақы қорлары болуының кемшіліктерінен гөрі артықшылығы көп. Бұзушылықтар болғаны анық, бірақ екі ірі қор (Халық банкі зейнетақы қоры мен Мемлекеттік зейнетақы қоры) реттеуші тарапынан шағымсыз жұмыс істеді. Жеке қорларда тәртіп орнату қажет болды, бірақ оны жасау қиынға соқты.
Біздің елімізде ешқашан шынайы тәуелсіз орталық банк болған емес, сондықтан біз Президенттің тапсырмасын орындауымыз керек еді және өз жұмысымызды жақсы атқардық.
– Қандай еңбегіңізбен мақтанасыз?
– Халықтың депозиттеріне кепілдік беру жүйесі құрылғанға дейін, банк құпиясы туралы заң қолданысқа енгізілгенге дейін банктердегі депозиттер портфелі небәрі 320 миллион доллар болса, қазір бұл көрсеткіш 30 миллиардтан асты.100 есе өсті! Өзбекстанда халық саны елімізден екі есе көп, ал халықтың депозиттері небәрі 4 миллиард долларды құрайды. Жан басына шаққандағы айырмашылық 16 есе!
Содан кейін Қазақстан 1993-1998 жылдары алған несиелері үшін 2007 жылға дейін Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) шамамен 390 миллион доллар қарыз болған кездер әлі күнге дейін көз алдымда. Бұл шынымен экономикалық тәуелсіздігімізге қауіп төніп тұрған кез еді. ХВҚ алдында қарызды дер кезінде өтемеу – тәуелділіктің бір түрі. Басқаша болса, ХВҚ-ның есігі біз үшін жабық. 2000 жылы біз ХВҚ алдынағы дер кезінде өтеп, экономикамыздың тұрақты екенін дәлелдеп шықтық.
– Сіз осыған дейін біздің елде цифрлық валютаны пайдалану идеясы 2013 жылы ұсынылғанын, Ұлттық банк орталық банктің электрондық ақша эмиссиясының схемасын ұсынатын заң жобасын әзірлегеніңізді, бірақ Үкімет оны Парламенттің қарауына жібермегенін айтыпсыз. 2013 пен 2023 жылдың арасы – 10 жыл. Қазір бұл жобаны Ұлттық банк ұсынып отыр.
– Қытай Орталық банкінің төрағасы мені Қытайға цифрлық ақша идеясын әкелген адам ретінде атап өтті. Бұл елде аталған сала тез дамығанын білесіздер. 2013 жылы біздің Үкімет бұл идеяны қолдамады. Содан кейін бұл идеяны Эквадор Орталық банкі жүзеге асыруға талпынғанын білдік. Бірақ Роберто Джори үшін электронды банкнот ұғымы маңызды болды. Бірнеше ел мұны тәжірибе жасап көрді, бірақ әзірге ешкім ештеңені жүзеге асырған жоқ. Шын мәнінде, шағын нарықтарда, долларлану деңгейі жоғары елдерде айтарлықтай күрделі мәселе болуы мүмкін. Депозиттердің 70 және одан да көп пайызы шетел валютасында болған кезі көп. Егер айналымда доллар ұлттық валютадан көбейсе, Apple, Google или IBM-нің цифрлық ұяшықтарында цифрлық теңге (ЦТ) болса, ақша массасы орталық банктің бақылауынан шығып кетеді. Даму жолына енді түскен елдерде цифрлық ақшасын енгізу ақша суррогаттарынан қорғау үшін жасалуы керек.
Цифрлы валютаны қандай форматта енгізетініміз туралы нақты шешім қабылданған жоқ, оның қаржы нарығына әсерін де ешкім айта алмайды. Таза дизайн тұрғысынан алғанда, орталық банкте, заңды және жеке тұлғада электрондық әмияндар болатын және барлық ақпарат орталық банктің серверлерінде сақталатын үлгісі бар.
АЛМАТЫ