Медицина • 13 Қараша, 2023

Медициналық тексеруге – 1 минут

261 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Халық медициналық тексеруден өтуді қиынсынып жатады. Себебі уақыт көп алады, жұмысы да көп. Содан болар бұл парақты медициналық қызметкерлер сатып, халық оны алып жатады. Бұл мәселенің алдын алу үшін заңгер, кәсіпкер Шыңғыс Құлахметов медициналық тексеруден өтудің автоматтандырылған жүйесі Med365-ті өндіріске еңгізген.

Медициналық тексеруге – 1 минут

Med365 – адам ден­сау­­лығына зиянды өнді­ріс­терде жұмыс істейтін қыз­меткерлерге ауысым алдында немесе ауысымнан кейінгі медициналық тексеруден 1 минут ішін­де өтуге мүмкіндік бере­­тін шешім. Алынған дерек­терді талдайтын және ден­саулыққа төнетін қа­уіп­ті анықтай­тын арна­йы бағдарлама­лық жасақ­та­мадан тұрады. Мұның бәрі термометр, тонометр, алкотестер, пу­­пил­ло­метрі бар  авто­мат­тандырылған меди­циналық тексеру жүйесі АСМО-ның көмегімен жасалады. Барлық деректер арнайы жүйеге түсіп, оны  жасанды интеллект өңдейді. Сосын дәрігерлерге адамның денсаулығындағы мәселелер туралы дабыл береді. Қазір ұжымда 30-дан астам адам жұмыс іс­тейді. Бү­гінде бұл құрылғыны «Самұ­рық-Қа­зына» инвестициялық холдингі, «Қаз­атомөнеркәсіп» ұлттық атом ком­па­ния­сы» акционерлік қоғамы, «Қаз­Транс­Ойл» акционерлік қоғамы, «Ал­маты­­ЭлектроТранс» және басқалары қол­данады.

Деректерге сүйенсек, елімізде қауіпті және зиянды өндірістерде 1,5 миллион адам жұмыс істейді. Олардың бәрі күн  сайын медицицналық тексеруден өтуге тиіс. Ал Med365 жұмыс берушіге күн сайын жаңартылатын ақпарат беріп отырады. Нақты денсаулық жағдайы мен белгілі бір аптадағы, айдағы немесе жылдағы көрсеткіштерді оңай  көруге болады.

– Қаншама адам ауысым алдын­да немесе ауысымнан кейін медици­налық куәландырудан өтуге міндетті. Рег­ламент бойынша оған 1 сағат бөлінеді. Міне, 600 жүргізуші бар флотта осындай уақыт ішінде барлығын қалай тексеруге болатынын елестетіп көріңізші? Үде­ріс тек формальдылыққа айналады. Сонда қаншама адам тексерусіз рұқ­сат алады. Бірақ бұл дұрыс емес, өйт­кені автобус жүргізушілері күн сайын мың­даған адамды тасымалдайды. Олар­дың денсаулығы жолаушылар қауіп­сізді үшін маңызды. Біз бұл мәселені шешкіміз келді,  – дейді Ш.Құлахметов.

Жабдықты орнатпас бұрын, кәсіп­орынның барлық қызметкері бағдар­ламаға тіркеледі. Жеке деректерді жүк­тейді және адам түрін анықтауға мүм­кіндік беретін Face ID үшін суретке түседі. Med365 техникалық директоры Асхат Шәкенов құрылғының Face ID иден­тификаторын ешкім алдай алмайды дейді.

– Өнімді сынаған кезде тану жүйе­сіне әртүрлі ұлт өкілдерінің 700 мың фотосуреті жүктелді. Бұл жұмысшылар­ды айнымай тануға көмектеседі. Бізде бір кәсіпорында егіздер болды, бірақ бағдарлама оларды еш қиындықсыз танып, ажырата білді. Сәйкестендіруден кейін тексерістен регламент бойынша өтуге болады. Тыныс  тексеретінге үрлеп, қан қысымын өлшеуге болады.  Ең қызығы – пупиллометр. Оның көмегімен шаршау дәрежесі белгіленеді және есірткіге деген күдік тексеріледі. Деректер компьютер, фельдшер немесе медбикеге жіберіледі. Олар денсаулық жағдайын бағалайды және жұмыс­қа рұқсат беру-бермеу туралы шешім қабылдайды. Соңғы сөзді маман айтады, – деп құрылғы жұмысын түсіндірді А.Шәкенов.

Шыңғыстың қалауы – құрылғыны 100 пайыз отандық өнім ету. Әзірге шетелден үш бөлікті сатып алады: тонометр (Жапониядан), алкотес­тер (Оңтүстік Кореядан) және монитор (Қытайдан). Қазір барлық жиынтықтауыштарды елден өндіру мүмкіндігін пысықтап жатыр. Тағы бір қолға алған мәселесі – оңтайландыру. Көбіне медициналық тексеруден өткізу үшін компания фельдшерлердің үлкен штатын ұстайды. Оларға жалақы төлеуі керек, салық төлеуі керек, қандай да бір жолмен бақылауы керек. Қысқаша айтқанда,  шығыны көп. Ал АСМО-ның үш-төртеуін орната отырып, қаржы мен уақыт үнемделеді.

Бұл команда толыққанды меди­цина­лық ақпараттық жүйені жасағы­сы келеді. Ауысым алдындағы және ауы­сымнан кейінгі тексерулерді ғана емес, барлық өнеркәсіптік медицинаны қамтымақ ойлары бар. Оның ішіне сақтандыру, кәсіби тексеру, еңбекті қорғау және гигиенаны цифрландыру кіреді.

Шыңғыс Құлахметов MedTech-ті бекер таңдамаған.  Шыңғыстың 18 жасында әкесі инфаркт салдарынан қайтыс болған. Содан бастап еліміздегі аға буынның өз-өзіне ұқыпты қарау мәдениеті жоқ екенін түсінген.  Дәл осындай үрдісті ол өз замандастарынан да  жиі байқайды екен.  Оның айтуынша халық дәрігерге бармаудың әртүрлі себептерін ойлап тауып жатады. Сондықтан да олар денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын сапалы қалыптастыруға және насихаттауға көмектесіп жүр.