Фото: А.Байжұманов
«Заң Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Кәсіпкерлік, Еңбек және Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының он заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Қаралып жатқан түзетулермен уәкілетті орган ретінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау жөніндегі қосымша функция беру жоспарланып» отырғаны жазылған ақпаратта. Депутаттар талқылаған заңды палатаның қарауына жіберу қажет деп шешті.