Дәстүр • 14 Қараша, 2023

Жолға қатысты ырым-тыйымдар

597 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақ халқында жолға, сапарға қатысты бұрыннан бар ырым-тыйымдар жетерлік. Оқырман назарына сол жолға қатысты айтылған ырым-тыйымдардың бірнешеуін ұсынамыз. 

Жолға қатысты ырым-тыйымдар

Жолға қатысты айтылатын ырым-тыйымдар:

- жолға шыққан жолаушы өзімен бірге сары май, тұз алып шыкпайды. Мұның мәнісі жолымда сарғайып, зарықпайын, тұздай ашты азап тартпайын деп ниет еткені;

- ұзак жолға түстен кейін аттанбайды, түнде сапар бастамайды;

- жолды бүлдірмейді, жолға от жақпайды, жолға дәрет сындырмайды. Сонымен катар жолдың үстіне күл төгуге тыйым салынады;

- жолда күл төккеннің жолы кесіледі,  дерт жабысады деп сенген;

- келе жатқан көш жолын немесе керуен жолын кесіп өтуге қатан тыйым салынады. Себебі көштің немесе керуеннің жолы кесіледі деседі.

- жолда кездескен адамнан «қайда барасың?» деп сұрамайды.

- аттылы жолаушы келсе, атын казаққа байлап, содан соң ғана үйдін алдына келіп, үй иелерімен сейлеседі. Егер асыққан жолаушы болса, аттан түспестен, киіз үйдін сыртынан сейлеседі.

- жолға шыққанда үйден тұз алмайды.

- жүрер жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды. Мұны астамшылдық немесе күпірлік деп санайды. Жол жүретін адам, әдетте, «Алла жазса», «Құдай қаласа» деп барып қана жолға кетер уақытты мөлшерлейді.

- жұма күні көшуге болмайды. Жұма - қасиетті күн. Бұл күні ата-баба әруақтары шаныраққа келіп, дұға дәметеді деген ырым бар.

- алыс жолға шыққанда жолаушылар қара шаңырақтан, яғни үлкен кісінің үйінен дәм татып аттанады. Қазактардың жол жүруге қатысты ырымдарын этнограф Ә. Диваев Сырдария экспедициясы кезінде Перовск уезінің қазағынан жазып алған. Аталған ырымдар төмендегідей:

«Егер жолаушы жолда келе жатқанда жол үстінде аттың немесе түйенің басы бері қарап жатса, жақсы белгі, ал егер керісінше болса, онда жолы болмайды. Жолда жүріп бара жатканда ат сүрінсе, олжа басты дейді. Кыстаудан жайлауға алғаш рет көшер кезде бірінші күні қыстаудың маңына, жол бойына аялдайды. Одан соң әрі қарай козғалғанда жолдың екі жағынан үлкен екі от жағып, оттың арасына жүк тиелген түйелерді қос-қостан өткізеді. Бұл қаскүнем рухтар мен жын - шайтаннан сақтану үшін жасалады, өйткені олар кешті аңди алмай, отта  қалып қояды».

Сондай-ақ жолға қатысты ырым, наным-сенімдердің біразы малмен байланысты болған. Жолға шығарда немесе келе жатқан кезде астыңдағы атың есінесе, «Жолың болсын жануар!» деп қолындағы қамшысын бауырдықтап бүктеп, аттың маңдайына, онан соң өз маңдайына тигізеді. Аттың жолға шыққалы жатқанда бопай (тезек) тастаса немесе сисе жолаушының жолы болады деп жақсы ырымға жориды.

Сонымен бірге жолға сейсенбі күні шықпайды. Бұл күні жол болмайды, немесе жолдан пәле кезігеді деген ырым бар.