Саясат • 28 Қазан, 2025

АҚШ саясаткері Кристофер Ландау Алматының қонақжайлығына тәнті болды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау әлеуметтік желідегі парақшасында Алматы қаласы туралы жылы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ саясаткері Кристофер Ландау Алматының қонақжайлығына тәнті болды

Дипломаттың айтуынша, Қазақстанның ең ірі қаласы әрі қаржы орталығы – Алматы Іле Алатауының баурайында орналасқан.

«Қаладан небәрі жарты сағаттық жерде әлемге әйгілі “Шымбұлақ” тау шаңғы курорты бар. Біз мұнда қазақ халқының ерекше қонақжайлылығын сезіндік. Алтын қыран мен жаңа қазақ достарымның арасында өзімді үйімдегідей сезіне бастадым», – деп жазды Ландау.

Кристофер Ландау 2025 жылдың наурыз айында АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары қызметіне кіріскен.

Ол бұған дейін 2019-2021 жылдары АҚШ-тың Мексикадағы елшісі болған.

Соңғы жаңалықтар

Қарағандының IT қарқыны

Аймақтар • Бүгін, 08:55

Әлеуеті жоғары мегаполис

Экономика • Бүгін, 08:52

Жастардың жаңа белесі

Жастар • Бүгін, 08:33