Бұл сыйлық айтулы ғалымға «Материалтану» мен «Eurasian Mathematical Journal» және «Әлемдік деңгейдегі зерттеулерге қосқан үлесі» аталымы бойынша берілді. Қайрат Күтербеков – еліміздегі ядролық физика, ауыр иондар физикасы, радиациялық экология, баламалы (ядролық және сутегі) энергетика, жоғары технология саласының дамуына зор үлес қосып жүрген ғалым. Бүгінге дейін оның 470-тен аса ғылыми еңбегі жарияланып, соның ішінде бес монографиясы мен «Ауыр иондардың эксперименттік физикасы» атты оқулығын ерекше айтуға болады. «Eurasian Mathematical Journal» 2010 жылдан бастап Еуразия ұлттық университетінде ағылшын тілінде жарық көреді. Ғылыми басылым Scopus базасында индекстеліп, Web of Science базасына кірсе, 2022 жылы Journal Citation Indicator көрсеткіші бойынша Q2 жүйесіне енді. Журнал бас редакторының орынбасары, Еуразия ұлттық университетінің механика-математика факультеті «Іргелі математика» кафедрасының профессоры Қордан Оспанов ғалымға жоғары марапатты табыстау кезінде бұл әлемнің 40-тан аса елінің 64 өкілінен тұратын журнал редакциясының көп жылғы қажырлы еңбегіне берілген жоғары баға екенін атап өтті. Алдағы таңда журнал ұжымы халықаралық математикалық қоғамдастықтағы белгілі басылымдардың біріне айналуды көздеп отыр. Айта кетейік, аталған жоғары оқу орнының «Eurasian Mathematical Journal» басылымы 2017 жылы Webof Science нұсқасы бойынша «Қазақстандық ғылыми басылымдардың көшбасшысы» аталымында дипломмен марапатталған.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Еуразиялық физика-энергетикалық зерттеулер және ғылымды қажет ететін технологиялар институтының директоры Қайрат Күтербеков «Scopus Awards-2023» халықаралық сыйлығымен марапатталды.
Алматыда атыс болды: полиция ақпаратты растады
Алматы • Кеше
Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалыс беріледі
Қоғам • Кеше
Қазақстан депутаттары жаңажылдық корпоратив өткізбейді
Парламент • Кеше
Астанада 2,6 мыңнан астам адам қар күреп жатыр
Елорда • Кеше
Қостанай облысында қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Төтенше жағдай • Кеше