Аймақтар • 17 Қараша, 2023

Түркістанда 30-дан астам қылмыс жасаған азамат ұсталды

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері Қазақстан аумағында 30-дан астам қылмыс жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда 30-дан астам қылмыс жасаған азамат ұсталды

Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері “Киберқылмыспен күреске арналған бағдарлама” жоспарын іске асыру шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, бұрын бірнеше рет сотты болған, Қазақстан аумағында бірқатар қылмыстар жасады деп күдікке ілінген 31 жастағы ер адамды ұстады.

"Жамбыл облысының тұрғыны қылмысты алдын ала жоспарлап, кез келген өтіп бара жатқан адамдардан қоңырау шалу үшін телефондарын сұрап алып, содан кейін жасырынып отырған. Ол ұрлаған телефондарды ірі қалалардың базарларында сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған", деп жазды құзырлы органнан.

Бүгінгі таңда полицейлер күдіктінің Түркістан облысында жасалған 10 алаяқтық қылмысы мен 1 автокөлік ұрлау фактісіне қатысы бар екенін дәлелдеді.