Спорт • 17 Қараша, 2023

Қазақстан мен Сан-Марино ойыны: бірінші тайм аяқталды

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу матчы өтіп жатыр, онда Қазақстан құрамасы Сан-Марино құрамасын кездесуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Сан-Марино ойыны: бірінші тайм аяқталды

Бірінші таймда қазақстандықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті. 19-минутта Ислам Чесноков гол соқты. Қазақстан құрамасы Сан-Мариномен ойынға келесі құраммен шықты:

Қақпашы: Игорь Шацкий (№12); Қорғаушылар: Марат Быстров (№4), Александр Марочкин (№22), Сергей Малый (№2), (№18) Тимур Досмағамбетов , Бағдат Қайыров (№13); Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов (№20), Александр Зуев (№19), Абзал Бейсебеков (№21), Ислам Чесноков (№9); Шабуылшы: Абат Айымбетов (№17).

Осы ойынға дейінгі турнирлерге келетін болсақ, Қазақстанның 15 ұпайы болса, Еуро-2024 іріктеу жолындағы басты бәсекелестері Словения мен Дания құрамаларының әрқайсысында 19 ұпайдан бар.

Айтпақшы, Дания мен Словения жұмадан сенбіге қараған түні Копенгагенде өзара ойнайды.