Әлем • 18 Қараша, 2023

Грузияда атыс кезінде Қазақстан азаматы жараланды

394 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тбилисиде Қазақстан азаматы мен Грузия азаматы арасында жанжал болып, соның салдарынан отандасымыз көптеген дене жарақатын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Грузияда атыс кезінде Қазақстан азаматы жараланды

Грузия Бас прокуратурасының сайтында жазылғандай, 14 қараша күні Тбилисидегі Нино Жвания көшесінде итін серуендетіп жүрген Грузия азаматы Гурам Елизбарашвили мен баласы оқиға орнына жақын маңдағы балабақшаға баратын Қазақстан азаматы арасында жанжал шыққан. Грузиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, дауға ер адамның балабақша аумағында итін серуендетуі себеп болған.

Грузияның бас прокуратурасы қақтығыс кезінде Гурам Елизбарашвилидің Қазақстан азаматына қарсы қарудан оқ атқанын мәлімдеді. Тәртіп сақшылары Гурам Елизбарашвилиді оқиғадан кейін бірнеше сағаттан соң қазақстандық азаматты жаралағаны үшін тұтқындаған. Айғақты зат ретінде қылмыс қаруы айыпталушының әйелінің анасының үйінен алынғаны атап өтілді.

Кейін Грузияның Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодекстің денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және заңсыз қару алып жүруді жазалайтын 117 және 236-баптары бойынша тергеуді бастады.

Тергеуден кейін Грузияның бас прокуратурасы Гурам Елизбарашвилиге қарсы айып тақты.

Департамент атап өткендей, Гурам Елизбарашвили бұрын қасақана кісі өлтіргені үшін сотталған.

«Жанжал кезінде Гурам Елизбарашвили С.М.-ға қарай атыс қаруынан бірнеше рет оқ атқан, нәтижесінде ол жәбірленушінің екі аяғына көптеген жарақаттар салған», - деп жазды прокуратура.

Ведомствоның мәліметінше, жәбірленушіге тиген оқтың бірінің нәтижесінде Гурам Елизбарашвили абайсызда тізе аймағынан оқ жарақатын алған.

«Грузия прокуратурасы бір адамға қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз алу, сақтау және алып жүру фактілері бойынша айып тағылды», - делінген құқық қорғау органының хабарламасында.

Прокуратура сотқа айыпталушыға қатысты заңмен белгіленген мерзімге бұлтартпау шарасы ретінде бас бостандығынан айыруды қолдануды сұрап шағымданды. Грузияның Ішкі істер министрлігінде қылмыстық тергеу жалғасуда.