Ал төтенше оқиғаның бейнежазбасы Astanovka98 telegram-арнасында жарияланды.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі баннерді Mega SilkWay сауда орталығы орнатқанын мәлімдеді.
"Қатты жел салдарынан баннер мен оның пластикалық жақтауы ұшып кеткен. Нәтижесінде 1954 жылы туған азамат жарақат алды, оның кеуде және шынтақ буындары көгерген. Тұрғын №2 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта қоршауға ілінген баннерлер кесіліп, алынып тасталды, өйткені олар ісініп, қоршауды құлатқан", - деп жазды ведомство.
Аудан әкімдігі астаналықтарды жарнамалық құрылымдарға, афишаларға жақын жерде абай болуға және мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырды.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде қатты желден аударылған көліктер мен құлаған қасбеттердің фотосуреттері жариялануда.