Қаралы хабарды аймақтың қазіргі басшысы Сергей Цивилев ВКонтакте желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
«1997-2018 жылдар аралығында Кемерово облысының губернаторы болған, бар өмірін Кузбасс пен Ресейге қызмет етуге арнаған ерекше тұлға Аман Ғұмырұлы Төлеев дүниеден өтті. Бұл орны толмас қаза болды. Өңіріміздің тыныс-тіршілігіндегі тұтас бір дәуір Аман Ғұмырұлымен байланысты: ол қиын-қыстау кезеңде өңірді басқарып, дағдарыстан шығара білді.
Кузбастықтар Аман Төлеевті өз қызметінде әрқашан халық мүддесін бірінші орынға қоятын нағыз халықтық губернатор ретінде еске алады», - деп жазды ресейлік шенеунік.