Спорт • 21 Қараша, 2023

Қазақстан - Словения матчы үшін шелпек пісірген әжеге көпшілік риза болды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін өтетін Қазақстан мен Словения арасындағы матчқа арнап шелпек пісірген әженің әрекеті көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан - Словения матчы үшін шелпек пісірген әжеге көпшілік риза болды

Бейнежазбаны Қазақстан футбол федерациясы әлеуметтік желідегі  парақшасына жариялады.

"Әжеміз дайын. Жігіттер дайын. Сіздер дайынсыздар ма?

Әже, жігіттер алаңда барын салады, уәде береміз!" - делінген видеоның түсініктемесінде.

Онда әлдебір ер адамның әжейден "Шелпекті неге пісіріп жатырсыз?" деп сұрағанын көруге болады.

"Футбол. Қазақтар ойнайды. Бүгін ойнайды. Сағат 1-де бастайды", - деп жауап береді күлімсіреген әже.

Желі қолданушылары көптеген жылы пікірлерін жазған.

"Евроға шықсақ, апамызды апару керек қой Германияға!", "Жаным, Әжетай! Ниетіңіз қабыл болып, өмір жасыңыз ұзақ болсын!", "Не деген мотвация! Алға басыңдар, жігіттер", "Ақ жаулықты анамыздың дұғасы қабыл болсын", "Қарттарымыздың тілегі қабыл болып, бұйырса 1:0 есебімен жеңсек болар еді" деген көпшілік.

Айта кетейік, 21 қарашада түнде футболдан Словения мен Қазақстан ұлттық құрамалары "Н" тобындағы екінші жолдама үшін маңызды матч өткізеді. Люблянадағы ойын Астана уақытымен түнгі 01:45-те басталады. 

Матчты тікелей эфирде Qazaqstan және QazSport арналары көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

«Аллажар» – замана аманаты

Қоғам • Бүгін, 10:10

Отандық өнім, озық технология

Экономика • Бүгін, 09:55

Жанға жайлы Жанұзақ

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Шаруақор Шарбақты

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Автоөнеркәсіп өрісі

Экономика • Бүгін, 09:40

Алаш қаласы қайда?

Тарих • Бүгін, 09:32

Жас буынға тарту

Қоғам • Бүгін, 09:30

Татулықты тұғырлаған белес

Қоғам • Бүгін, 09:25

Саламатты жастар жобасы

Жоба • Бүгін, 09:20

Игілікті еселеген инвестиция

Экономика • Бүгін, 09:15

Абат елдің айшықты бедері

Экономика • Бүгін, 09:02