Ауа райы • 23 Қараша, 2023

23 қарашада еліміздің бірқатар аймағында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады

831 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 23 қарашада елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

23 қарашада еліміздің бірқатар аймағында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман.

Шымкентте 23 қарашада түнде және таңертең кей уақытта қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақытта тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 18-23, кей уақытта 28 м/с.

Алматыда 23 қарашада кей уақытта қатты жаңбыр, тұман күтіледі. 

Қарағанды облысының шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. 

Ақмола облысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Қостанайда көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с күтіледі. 

Абай облысының оңтүстігінде тұман, облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі, облыстың солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі. Батыстын, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.