Сенаттың жалпы отырысында жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шип Президенттің ұсынысын жариялады. Оған сәйкес, жоғарғы сот судьясы Мейрамбек Таймерденов судья қызметінің шекті жасы - 65-ке келді. Осыған байланысты оны судья қызметінен босату ұсынылды.
Таймерденов сот саласында 19 жылдан астам уақыт қызмет етті. Соның ішінде 4 жыл жоғарғы сот судьясы болды.
Сенаторлар Президенттің ұсынысын қолдап, Таймерденовті судья қызметінен босату туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.