Қоғам • 23 Қараша, 2023

Алматыдағы Денис Теннің ескерткішін вандалдар бүлдіріп тастаған

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда вандалдар атақты мәнерлеп сырғанаушы, өмірі ерте үзілген спортшы Денис Теннің ескерткішін бүлдіріп кеткен, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы Денис Теннің ескерткішін вандалдар бүлдіріп тастаған

Алматы тұрғыны әлеуметтік желіге ескерткіштегі жазбалардың суретін жариялады. Вандалдар ескерткішке Денис Теннің өліміне кінәлілер туралы ақпаратты жазған. Онда автор өзі туралы мәліметтерді де - аты-жөнін, телефон нөмірін, тіпті мекен-жайын да қалдырған.

 

Полиция департаменті Денис Теннің ескерткішіне қатысты вандалдардың ісі тіркелгенін растады.

"Денис Теннің жарқын бейнесіне қойылған ескерткішке бұзақылық жасады деген күдікті ұсталды. Ол Алматы қаласының тұрғыны болып шықты, психоневрология диспансерінде есепте тұр. Қылмыстық іс аясында сараптамалар тағайындалып, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылды. Ұсталған адам Психикалық денсаулық орталығына орналастырылды», - делінген Алматы қалалық Полиция департаментің хабарламасында.