Аймақтар • 25 Қараша, 2023

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай әуежайын жаңарту жұмыстары жанданды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облысқа жұмыс сапары барысында көлік министрі Марат Қарабаев аэровокзал мен перрон ғимаратын қайта жаңарту жұмыстарымен танысты. Биылғы жылдың 9 айында әуежай 251 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсеткен. Қазіргі уақытта Қостанайдан Астана мен Алматы қалаларына 19 ішкі рейс жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай әуежайын жаңарту жұмыстары жанданды

Фото: Көлік министрлігі

Өткізу қабілетін сағатына 200 жолаушыдан 250 жолаушыға дейін арттыру және қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін әуе айлағында аэровокзал ғимаратын қайта құру басталған. Сондай-ақ аэровокзал алаңын 5,2-ден 8,7 мың шаршы метрге дейін ұлғайту көзделген.

Негізгі келу залы бойынша жұмыстар аяқталған, ал ішкі әрлеу, техникалық жабдықтарды монтаждау, ұшу залының лифт жабдықтарын орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нысанды биыл желтоқсанда пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Перронды қайта құру – тұрақта аялдайтын әуе кемелерінің санын 2-ден 9 бірлікке дейін ұлғайтуды көздейді, бұл өз кезегінде әуежайдың транзиттік әлеуетін жақсартады деп күтіліп отыр. Ал асфальтбетон төсеу жұмыстары 2024 жылға жоспарланған.

Көлік министрлігі