«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының дерегінше, ауа райы жағдайына байланысты (жел, көктайғақ) Қостанай облысындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде жүк және қоғамдық автокөлік үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
"Сонымен қатар республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде (Қостанай - 1, СҚО - 3, Ақмола - 1) және облыстық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде (Қостанай - 8, СҚО - 1). автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды", - делінген ақпаратта.