Аймақтар • 27 Қараша, 2023

Желдің кесірінен жарықсыз қалды

165 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл күндері солтүстікте ауа райы құбылып тұр. 18 қарашада қалың қар түсіп, күн -15 градусқа дейін суытқан болатын. Ертесіне қатты дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 28, кей жерлерде тіпті 30 метрге дейін барды. Артынша ауа райы жылымық танытып, қар аралас жаңбыр жауа бастады. Екпіндей соққан суық жел электр желілерін қатырып, кей жерлерде электр қуатын беру тоқтатылды. Әсіресе Мағжан Жұмабаев ауданында күрделі ахуал қалыптасты. Мұнда жоғары вольтті ВЛ-110 кв электр бағандарына зақым келіп, дауылға шыдас бермей, құлап кеткендері де бар. Басқа аудандардағы жағдай да мәз емес. Электр жарығын өшіруге тура келген соң 183 ауылдық елді мекен жарықсыз қалды...

Желдің кесірінен жарықсыз қалды

Облыс әкімі Ғауез Нұрма­ғам­бетов жағдайды бақылау және түзету үшін жедел штаб құрыл­ғанын айтты. Оның айтуына қара­ғанда, қазір электр қуатын бере­тін резервтегі генераторлар іске қосылып, әлеуметтік саланың ғана нысандарына ток берілген. Ал жылу еш кідіріссіз беріліп жатыр.

Сонымен қатар төтенше жағ­дай­ларға байланысты екі елдің ара­сындағы ынтымақтастық туралы келісімнің шеңберінде Ре­сейден уақытша электр қуаты алынатыны айтылды. Қалғанын Ақмола облысының «Көкшетау-Энерго» ЖШС қамта­масыз етуге келісілген. Бүгінгі таңда осы кәсіпорынның жөндеу брига­далары жұмыс істеп, Тайын­ша, Айыртау, Ғ.Мүсірепов аудан­дарының 10 елді мекеніне электр қуа­тын жеткізу жұмыстарын жүр­гізіп жатыр.

Облыстағы электр қуатын жет­кізетін жүйенің бәрі – «Севказ­энерго» акционерлік қоғамы­нікі. Қазір олардың 46 жөн­деу бригадасы жұмыс іс­теуде. Олар электр қуаты сөніп қалған 30 елді мекеннің желілерін жөндеумен айналысып жатыр. Сонымен бірге Ғ.Нұр­мағамбетов бүгінгі таңда әлі 40 елді мекенге тоқ шектеулі көлемде ғана жеткізіліп отырғанын да айтып өтті.

Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығының басшысы Владислав Лукин тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететін «Есіл су» ком­паниясының филиалы тұ­рақты жұмыс істеп тұрғанын жет­­кізді. Сонымен бірге ол электр желілері мен жарақтар «Севказэнерго» АҚ болғандықтан, жөндеу жұ­мыс­тарына бюджет қаражаты бө­лінбейтінін айтты. «Осындай жағ­дайға жалғыз желіні қатырған қарлы-жаңбыр емес, электрмен қам­тамасыз ету жүйелерінің тоз­ғаны да жеткізіп отыр. Қазір бұл мәселе – облыс әкімінің тікелей ба­қылауында», деді ол.

Облыс аумағынан өтетін Ас­тана – Петропавл, Жезқазған – Пе­тропавл, Алматы – Екате­рин­бург, Көкшетау – Рузаевка бағытындағы автокөлік жолдары жабылды. Білетіндердің айтуына қарағанда, мұндай ауа райы осыдан 22 жыл бұрын болған екен.

 

Солтүстік Қазақстан облысы