Қоғам • 28 Қараша, 2023

Қаржыгер бір айдың ішінде қарыздан алып шығатын формуланы жария етті

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда тұратын қаржыгер Перизат Бауыржан бір айда қарыздан құтылатын формуланы жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржыгер бір айдың ішінде қарыздан алып шығатын формуланы жария етті

"Көп отбасында "Қарыздан қалай құтыламын? Қалай қаржылық еркіндікке жетемін? Қалай қаржылай сауатты боламын?" деген сұрақтар соңғы кезде кәдімгідей өзекті болып жатыр. 

Бірақ кейбір адамдар менің алдыма келгенде "Маған бір айда қарызымнан құтылатын бір нәрсе, бір формула беріңізші" дейді. Алайда, сіз ертерек қарыздан құтылып, қаржылай еркіндікке шығу үшін бітпей жатқан кішкентай істердің бәрін жасау керек. Ол - кіріс пен шығысты жазу, ертеңгі күнгі ақшаны жоспарлау", деп жазды Massaget.kz қаржыгердің сөзін. 

Перизат Бауыржанның пайымынша, осылайша үлкен нәрсе келуі үшін алдымен бітпей жатқан істерді бітіру керек. 

"Мысалы, сізде ваннада сасық су келді делік. Яғни, субітері жабылып қалған. Оны қанша тазалап, жаңа су құйғанымен, судың түсі өзгермейді. Біз субітерін суырып алған кезде жаман нәрселер ағып кетеді. Содан кейін ғана оның орнын тазалап, жаңа нәрсені құятын боламыз. Сол сияқты, біздің жұмысымыз тезірек алға бассын десек, кішкентай дүниелерді реттеп алуымыз керек. Ал біз қазіргі кезде бәрін оқып жатырмыз, қарыздан құтылуды да оқып жатырмыз. Бірақ бізде мынадай істелмей жатқан кішкентай әрекеттер бар. Қарапайым кіріс пен шығысты жазбай жүрміз. Ондай кезде бізге үлкен нәрсе қайдан келсін?", дейді маман. 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50