Қаңтар айында Астанада өтетін Қазақстан біріншілігінде лицензиялық турнирге қатысатын балуандар белгілі болады. Сол сайыста әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан да жаңа салмақта бақ сынайды.
«Ризабек олимпиадалық салмақ саналатын 97 келіге ауысты. Қазіргі таңда Азамат Дәулетбековпен бірге Осетияда жаттығып жатыр. Бұл салмақта Әлішер Ерғали сынды балуанымыз барын да білесіздер. Кім мықты екені ұлттық чемпионатта шешіледі. Сол бәсекеде кім жеңсе, лицензияға сол таласады», деді бапкер.